Биыл Ташкент облысының егістік алқаптарында 10 мың гектар жерге соя егу жоспарланса, маусым басынан бері 4 мың 555 гектар жерге тұқым себілді. Өткен жылмен салыстырғанда сояны 2 есеге көп өсіру жоспарлануда.

Жаңажол және Құйышыршық аудандарының диқандары биылғы межені жоғары алып, мемлекетке мол шикізат сату жоспарын орындауды көздеп отыр.

Сояның егу жұмыстарына 75-тен астам  өнімділігі  жоғары дәнсепкіштер  жұмылдырылып, егістің уақытылы әрі сапалы аяқталуына бақылау орнатылды.

Сояның  негізгі сұрыптары (ES MEНТОР РС-2), (Солена РС-2) Mентор, Оптима Славия, Силена сұрыптары өсіріледі.

Сояның құрамында 50 пайыз ақуыз бен 28 пайызға дейін май болатыны ғылыми дәлелденген, халық шаруашылығында 400-ден астам өнім түрлерін өндіруде қолданылады.

Соядан тыс, облыста күнжіт пен күнбағыс өсімдіктерін егуге де ерекше мән берілуде. Күнбағыс  өсімдігі әлемдегі ең көп өсірілетін майлы дақылдардың бірі болып табылады.  Бүгінгі таңда 3080 гектар жерге күнбағыс егу жоспарлануда, деп хабарлайды Ташкент облысы әкімдігінің ақпарат қызметі.