1 июньнен қандай өзгерістер күшке енеді?

    ID-картаға несиелер, QR-кодты метрикалар, электронды субсидиялар...

    Үстіміздегі жылдың 1 июнінен бастап елімізде түрлі салалардағы жаңа өзгерістер күшіне енеді. Hudud24.uz олардың тізімін жасады:

    1 июньнен бастап несие ID-картамен алынады

    2023 жылдың 1 июньнен бастап тұрғындар мен кәсіпкерлік субъектілерге несие бөлу үдерісінде қарыз алушы ID-картадағы (биометриялық төлқұжаттағы) биометриялық мәліметтер негізінде идентификациялау жолға қойылады. Бұл туралы 31.01.2023 жылғы ПҚ-39-санды қаулыда айтылған.

    Осыған орай, Әділет министрлігі құзырындағы Персоналдау агенттігі мен Ішкі істер министрлігі өкілеттігі банктерге тұрғындар мен кәсіпкерлік субъектілерін цифрлық верификациялау үшін биометриялық мәліметтерден пайдалану бойынша практикалық көмек көрсетуде.

    Ауыл шаруашылығына барлық субсидиялар электронды түрде беріледі

    Заңдылыққа орай , ауыл шаруашылығы саласындағы барлық субсидиялар «Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге субсидиялар беру» ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Бұл туралы 05.04.2023 жылғы ПР-113-санды қаулысында айтылған.

    Республика бойынша QR кодты «метрикалар» беріледі

    2023 жылдың 1 июнінен медицина мекемелері тарапынан туу бөлімшелерінде тіркелгендігі туралы QR-кодты анықтама беру бүкіл республика бойынша енгізіледі.

    Бұл тәжірибе Министрлер Кабинетінің 28.09.2022 жылғы 540-санды қаулысы негізінде енгізілуде. Осы қаулыға негізделген бұл тәртіп 2023 жылдың 1 январынан бастап Ташкент қаласында жүзеге асырылып жатқан еді.

    Бұл анықтама елтаңбалық куәлікке тең болады және мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қабылдаудан бас тартуына қатаң тыйым салынады. Куәлік азаматтардың өтініші бойынша кез келген уақытта АХАТ бөлімдері тарапынан белгіленген мөлшерде елтаңбалық алым сумасы арқылы ремилендіріліп беріледі.

    «Томаристің ізбасарлары» пайда болады

    2023 жылдың 1 июнінен бастап жасы он сегізге томаған және отыздан үлкен болмаған жалпы орта немесе орта арнаулы, біріктірілген аумақта тұрақты жасайтын және сұхбатқа кіретін және ұйымдастырушылық қабілетке ие әйел-қыздарды ерітілер негізінде тарту арқылы «Томарис ізбасарлары» ұжымдық топтарының қызметі ұйымдастырылады.

    «Томаристің ізбасарлары» ұжымдық топтарының негізгі міндеттері мыналар болмақ:

    әйелдердің құқықтары мен еркіндіктері және заңды мүдделерін қорғауда ынтымақтастықта шараларға қатысуы;

    әйелдер арасындағы құқықбұзушылық профилактикасын жүзеге асыруға көмектесу;

    халық арасында өтетін профилактикалық іс-шараларда әйелдердің проблемаларын зерделеу және оларды шешудің оңтайлы жолдарын анықтауға көмектесу;

    орта, орта арнаулы және кәсіптік оқу орындарында оқитын қыздардың мінез-құлқына теріс әсер ететін және олардың құқықтары мен мүдделерінің бұзылуына байланысты мәселелерді анықтауға көмектесу.

    Қайтыс болған әскери қызметшілердің туыстарына жәрдемақылар беріледі

    2023 жылдың 1 июнінен бастап:

    а) қайтыс болған әскери қызметшiнiң (қызметкердiң) балалары мектепке дейінгі тәлім-тәрбие мекемлерінде тегін тәрбиеленуі, сондай-ақ кәсiптiк және жоғары оқу орындарында тегiн оқытумен қамтамасыз етiледi, олар қосымша квоталар бойынша бiлiм алады;

    б) қайтыс болған әскери қызметшінің (қызметкердің) ата-анасына жылына екі рет темір жол және әуе жолаушылар көлігін тегін пайдалану құқығы беріледі;

    в) қайтыс болған әскери қызметшінің (қызметкердің) отбасы мүшелеріне:

    осы қайтыс болған әскери қызметшілер (қызметкерлер) қызметті өтеген жауапты министрліктер мен кеңселердің медициналық мекемелерінде тегін медициналық көмек алу құқығы сақтап қалынады, сондай-ақ медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмек алу үстем түрде алуы және кезектен тыс емханаға жатқызу мүмкіндігі жасалады;

    жоғары технологиялық мамандандырылған медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдары тарапынан Мемлекеттік бюджеттің қаржысы есебінен тегін медициналық көмек көрсетіледі;

    кезекті жыл сайынғы еңбек демалысын қолайлы уақытта пайдалану, сондай-ақ жылына екі аптаға дейін еңбек ақысы сақталмайтын қосымша демалыс алу құқығы беріледі.

    Контрафактілі өнімдерден қорғанудың тағы бір әдісі іске қосылды

    Президенттің 04.04.2023 жылғы ПҚ-110-санды қаулысына сәйкес, сапасы бұзылған тамақ өнімдерін сатуға, жарамдылық мерзімі өтіп кеткен тауарларды сатуға, сапасыз немесе контрафакт дәрі-дәрмек заттар мен медициналық бұйымдарды сатуға, дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарды көрсетілген бағадан жоғары үстеме қойып сату және сол сияқты өтініштер “Soliq hamkor” ақпараттық жүйесі арқылы қабылданып, қаралады.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates