2022 жылдың 1 июнінен бастап кейбір өнімдерді экспорттауға уақытша тыйым салынады

    Ел назарында 1 Iyun 2022 2951

    Президенттің «Тұтыну базарларында бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету және монополияға қарсы шаралардың тиімділігін арттыру туралы қосымша іс-шаралар туралы» Жарлығы қабылданды.

    Құжатқа сәйкес:

    2022 жылғы 1 июньнен бастап 2023 жылғы 1 январьға дейін:

    — бірқатар тауарларды (қосымшалар) әкелу кезінде кедендік баждардың нөлдік ставкалары белгіленеді;

    — сауда экономикалық қатынастарда ең көп қолайлылық беру режимі қарастырылмаған елдеде өндірілген тауарларға байланысты кеден бажының екі есе ставкасы қолданылмайды.

    Төмендегілерді 2022 жылдың 1 июнінен бастап Өзбекстан кеден аумағынан сыртқа шығаруға (экспорт жасау) уақытша тыйым салынады:

    —өсімдік майы, сондай-ақ мақта, күнбағыс майы, бұдан қолданыстағы келісімшарттар (келісімдер) аясында 2022 жылғы 1 июньге дейін алдын ала төлем жасалған жағдайларын қоспағанда, сондай-ақ Өзбекстан «кеден аумағында қайта өңдеу» кедендік режимінде қайта өңдеуді қоспағанда;

    • күнбағыс тұқымдары (ТИФ ТН коды 120600) және басқа май өсімдіктерінің тұқымдары мен жемістері, (TIF TH коды 1207) бұдан заңдылықта белгіленген жағдайлар қатысты емес.

    Министрлер Кабинетiне аталмыш тауарлар ішкі базарда жеткілікті көлемде болған жағдайда, осы тармақта көрсетiлген тауарлардың экспортын қайта бастау құқы беріледі.

    2023 жылдың 1 январына дейін мыналар:

    — Министрлер Кабинетінің 2021 жылғы 29 январындағы «Жергілікті тауар өндірушілерді қолдап-қуаттау іс-шаралары туралы» 41-санды қаулысында көзделген мемлекеттік тапсырыс берушілері тарапынан мемлекеттік сатып алулар аясында импорттық азық-түлік өнімдерін сатып алу бойынша шектеулер;

    • Өзбекстанға әкелінетін азық-түлік өнімдерін мемлекеттік тілде міндетті түрде таңбалау тәртібі уақытша тоқтатылады.