2024-2025 оқу жылына абитуренттерді тіркеуге алу 5 июньнен басталады

    2024-2025 оқу жылынан бастап мемлекеттiк жоғары және кәсiптiк оқу орындарына (кәсiптiк-өнер мектептерін қоспағанда) қабылдау бойынша емтихандар «алдымен сынақ, содан кейiн байқау» қағидатына орай бiр мезгiлде өткiзiледi.

    Бұл ретте, абитуренттер өздерініңтаңдауына орай тест сынағы нәтижесінде жинаған балы бойынша алғашқы жоғары оқу орындардың бакалавриат білім бағыттарына, одан кейін кәсіптік оқу орындарына түсуге байқауға қатысады.

    Жоғары және кәсіптік оқу орындарына қабылдау бойынша кіру емтихандары июль-август айларында өткізіледі.

    Мемлекеттік жоғары оқу орындарының бакалавриатына қабылдау үдерісі төмендегі 2 басқышта жүзеге асырылады:

    1-басқышта талапкерлер жыл сайын 5 июньнен 25 июньге дейін тест тапсыру үшін тіркеледі және тест тапсыратын пәндер кешенін, білім беру тілін және тест тапсыратын аймақты, сондай-ақ қабылдау емтихандары құрамында кәсітік (шығармашылық) емхитан болған жағдайда, осы емтиханды тапсыратын Мемлекеттік ЖОО-ны таңдайды.

    2-басқышта абитуренттер тест сынақтары толық аяқталған соң 15 күн ішінде жоғары оқу орнын, бакалавриаттың оқу бағыты мен оқу түрін таңдайды.

    Колледждерде және техникумдарда оқуға ниет білдірген абитуренттер колледж немесе техникумды, кәсіптік және мамандықтарды сондай-ақ білім түрін ЖОО-ларға қабылдаудың соңғы нәтижесі жарияланғаннан соң 10 күн мерзімде таңдайды.

    No date selected
    June 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates