Сонымен қатар, биржа арқылы 2535,1 келі алтын сатылса, оның 1 граммының орташа бағасы 977 500 сумды құраған. Күмістің сатылған көлемі 377 килограмға тең болып, 1 граммының орташа бағасы 11 325,2 сум болған.
Биылғы жылдың алғашқы айында кәсіпкерлер биржа арқылы 195,7 келі алтын сатып алған. Январь айының ішінде 1 грамм алтынның орташа бағасы 1 122,2 мың сумға жеткен, бұл өткен жылғыдан айтарлықтай жоғары.
Қымбат бағалы металдардың бастапқы бағасы Өзбекстан Республикасының Орталық банктің биржа келісімі жасалған санадағы курсына сәйкес, Лондон бағалы металдар базары бірлестігінің соңғы таңғы фиксингінің негізінде белгіленеді.
Қазірде Лондон базарында алтынның 1 унциясы үшін белгіленген баға 2 931?9 АҚШ долларын құрауда.
Биржа базарына «Алмалық ҚМК» АҚ және «Науаи КМК» АҚ қымбат бағалы металдарды сататын компаниялар ретінде қатысуда. Сатып алушылар негізінен өнеркәсіпте қолданылатын өнімдерді қайта өңдеу қуатына ие болған кәсіпорындар мен зергерлік бұйымдарды өндірушілері саналады.
“ЎзРТХБ“ АҚ ақпараттық қызметінің хабарлауынша, асыл металдар саудасында негізгі өлшем бірлігі ретінде троя унциясы қолданылады. Бір троя унциясы 31,1 граммға тең.
