Сөз сөйлегендер еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту, сонымен қатар, халыққа қолайлы жағдай жасау, кембағалдықты азайту, халықтың тұрмыстық әл-ауқатын арттыру, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет пен спортты және басқа да салалардыдамытубойынша дәйекті реформалар жүргізіліп жатқаны айтылды.
Ағымдаға жылы аумақтарда өзекті әлеуметтік проблемаларды, махалла инфрақұрылымына қатысты маңызды мәселелерді шешу және басқа да салаларды дамыту туралы Президенттің бірқатар жарлықтары мен қаулылары қабылданған.
Атқарылған іс-шараларды дер кезінде қаржыландыруды қамтамасыз ету және қосымша шығындардың көздерін анықтау қажеттігі айтылды.
Осы Заңға «Кембағалдықтан әл-ауқаттылыққа қарай» бағдарламасы аясындағы іс-шараларды қаржыландыру және көппәтерлі тұрғын үйлер мен әлеуметтік сала мекемелердегі энергия тиімділігін арттыруға байланысты іс-шараларға қосымша қаражат бөлуді көздейтін өзгерістер енгізілуде.
Сонымен қатар, бюджет қаржыларының мақсатты және тиімді жұмсалуын арттыру, бюджеттік тәртіпті нығайту аясында қаражаттың бір бөлігін оңтайландыру мен оларды қосымша қаражаттарға бағыттау қарастырылуда.
Сенаторлар 2025 жылға арналған Мемлекеттік бюджет туралы заңға енгізілген өзгерістер еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған іс-шараларды уақтылы қаржыландыруға қызмет ететінін атап өтті, деп хабарлады Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.Талқылау соңында сенаторлар Заңды мақұлдады.