4 айда 514,8 мың тонна жеміс-көкөніс экспортталған — Статистика агенттігі

    2024 жылдың январь-апрель айларында шетелге құны 298,5 миллион долларға тең 514,8 мың тонна жеміс-жидек пен көкөніс экспортталды.

    Статистика агенттігінің мәліметінше, осы көрсеткіш 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 43,3 пайызға немесе 155,6 мың тоннаға артқан.

    Жеміс-көкөніс өнімдерінің негізгі экспорт базарлары Ресей (26,3 пайыз), Пәкістан (24,2 пайыз), Қазақстан (13 пайыз) және Қытай (9,3 пайыз) елдердің үлесіне тура келген.

    2024 жылғы январь-апрель айларында жеміс-көкөніс экспортының үлесі жалпы экспорттың 3,5 пайызын құраған.