Бойы аласа болғанымен, қимыл-қозғалысы нық бұл 92 жастағы әйел 30 жылдан бері газет таратып келеді.
1934 жылы туған Ясиэ газет таратушы ең қарт әйел ретінде Гиннес рекордтар кітабына енгізілген. Ол мектепті бітірген соң туыстары басқаратын медициналық клиникада жұмыс істеген.
Оның айтуынша, газет таратумен кездейсоқ айналыса бастаған: “Үйімізден алыс емес газет редакциясындағылар менен газеттерді тарата аласыз ба деп сұрады. Ол кезде жұмыссыз едім, сондықтан ойланбастан келістім”.
Қарт әйел газеттерді тарату үшін 1,5 километр жол жүреді және бұған бір жарым сағат уақыт кетеді. Жеткізу кезінде ол қол арбаны пайдаланады. Қар жауған кезде арбаны тарта алмағандықтан газеттерді иығына салып тасиды. Әрине, мұндай жағдайларда барлық газетті жеткізу үшін екі рет қатынауға тура келеді.
Жаңа жерге көшіп барғаннан кейін де газет таратудың жақсы жақтарын байқағанын айтады. Жол-жөнекей айналаны жақсырақ танып, көптеген адамдармен танысқанын қуанышпен жеткізді. Ол бала кезінен ерте тұруға үйренгендіктен, бұл жағынан ешқашан шағымданбайды.