Атап айтқанда, келесі құжаттарға қол қойылды:

– Геология министрлігі мен «Denali Exploration Group» компаниясы арасында сирек жер элементтерін өндіру жөніндегі ынтымақтастық туралы келісім;

– Өзбекстан Республикасының Қалпына келтіру және даму қоры мен «Re Element Technologies» компаниясы арасында маңызды металдар саласындағы жобаларды іске асыру жөніндегі ынтымақтастық туралы келісім;

– Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігі мен «Flowserve» компаниясы арасында сорғы станцияларын жаңғырту жөніндегі ынтымақтастық туралы келісім;

– Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «Valmont Industries Inc» компаниясы арасында суды үнемдейтін заманауи технологияларды енгізу туралы келісім;

– Цифрлық технологиялар министрлігі мен «Palo Alto Networks» компаниясы арасында жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастықты кеңейту туралы келісім;

– «UzAirways» пен «Boeing» компаниялары арасында ұшақтарды жеткізу туралы келісім шарт;

– «Datacrop» және «Louis Dreyfus Company» компаниялары арасында соя бұршақтары мен шрот жеткізу туралы келісім;

– «Узсаноатэкспорт» және «Cargill» компаниясы арасында мақта жеткізу туралы шарт.