Абдулазиз Камилов БҰҰ Бас хатшысының орынбасарымен кездесті

    2022 жылдың 2 мартында Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов үстіміздегі жылғы 3-4 март күндері Ташкент қаласында өтетін «БҰҰ-ның жаһандық терроризмге қарсы стратегиясын жүзеге асыру бойынша бірлескен іс-әрекеттер жоспары аясында Орталық Азия мемлекеттерінің арасындағы аймақтық ынтымақтастық» жоғары дәрежедегі халықаралық конференцияға қатысу үшін Өзбекстан Республикасына келген БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ-ның Терроризмге қарсы күрес басқармасының басшысы Владимир Воронковпен кездесті.

    Тараптар Өзбекстан мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен болашағын талқылады. Атап айтқанда, біздің еліміз бен Ұйымның Терроризмге қарсы күрес басқармасы ортасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары қаралды.

    Өзбекстан соңғы жылдары ББҰ-ның терроризм мен экстремизмге қарсы күрес мәселелері бойынша маманданған жүйелері мен белсенді ынтымақтастық жасап келуде және бұл бағыттағы негізгі әмбебап құқықтық құжаттардың қатысушысы екені атап өтілді.

    Өзбекстан тарапының бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясының 4 резолюциясы қабылданды. Өткен жылы Өзбекстан алғаш рет Адам құқықтары бойынша Кеңеске мүше болды, онда мемлекетіміздің өкілі 2022 жылға төрағаның орынбасары болып тағайындалды.

    Тараптар сондай-ақ, Өзбекстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болғанының 30 жыл толуына байланысты (1992 жылғы 2 март) құттықтауларды , деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates