Оның айтуынша, бұл кеңеске кіру шешімі ең алдымен аймақтық қауіпсіздік қажеттіліктерінен туындаған. Кеңестің негізгі мақсаттары Өзбекстанның сыртқы саясатының үстем бағыттарына толық сәйкес келеді.
"Экономикалық форумның күн тәртібінде көптеген саяси мәселелер, атап айтқанда, Газа секторындағы дағдарыс және оны шешу жолдарын іздеу міндеті тұр. Жуырда Дональд Трамп ұсынған "Бейбітшілік кеңесінің" негізгі мақсаты - Таяу Шығыстағы шиеленісті жұмсарту және Газа дағдарысын тоқтату", - деді Президент кеңесшісі.
Президент Шавкат Мирзияев бұл бастаманы қолдап-қуаттағанын атап өткен Камилов мұның үш маңызды себебін атады: Ұлттық қауіпсіздік: Аймақтағы тұрақтылық Өзбекстанның қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді.
Сыртқы саясат ұстанымдары: Кеңес алдына қойылған міндеттер еліміздің бейбітшілік сүйгіш саясатымен үндес.
Стратегиялық мүдделер: Таяу Шығыс аймағында Өзбекстанның өмірлік маңызды мүдделері бар.
Кеңесші Өзбекстанның Таяу Шығыстағы қақтығыс аймақтарынан өз азаматтарын елге қайтару тәжірибесіне де тоқталды. Оның айтуынша, экстремистік топтарға қателесіп қосылған адамдарды реинтеграциялаудың Өзбекстан моделі БҰҰ мен халықаралық қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған.
«Президентіміздің бұл бағыттағы саясаты бүкіл әлемге үлгі бола алады. Бұл аймақтағы біздің басты мақсатымыз – өз қауіпсіздігімізді қамтамасыз ету және экстремизм ошақтарын жоюға атсалысу», - деді ол.
Сондай-ақ Абдулазиз Камилов Таяу Шығыстағы тұрақсыздық Орталық Азияға, атап айтқанда көршілес Ауғанстанға қалай әсер ететінін түсіндірді. Оның айтуынша, Ауғанстандағы көптеген лаңкестік топтары осы Таяу Шығыстағы қақтығыс аймақтарынан келген.
"Таяу Шығыс мәселесін шешу тек АҚШ немесе араб мемлекеттерінің жұмысы емес. Бұл үшін халықаралық қауымдастық, соның ішінде Орталық Азия мемлекеттері де бірлесуі керек. Әрбір қадамды мұқият ойластыру арқылы бейбітшілік пен тұрақтылыққа қол жеткізуге болады", - деді Камилов.
Президент кеңесшісі Өзбекстанның бұл саммитке қатысуы елдің әлемдік саясаттағы беделі артып келе жатқанының белгісі екенін айтты. Бұл Өзбекстанға деген жоғары сенім ғана емес, сонымен бірге елдің халықаралық аренадағы маңызды және байыпты қатысушысы ретінде танылуы.