Абдулазиз Камилов Италияның ең жоғары мемлекеттік наградасымен марапатталды

    Президенттің сыртқы саясаты бойынша арнайы кілі, Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары Абдулазиз Камилов «Италия Республикасына сіңірген еңбегі үшін» орденінің «Офицер» дәрежесімен марапатталды.

    Бұл туралы Италия Республикасы Президенті Бас Хатшысының «Gazzetta Ufficiale» үкіметтік газетінің ресми сайтында жарияланған пресс-релизінде айтылды, деп хабарлайды Dunyo ақпараттық агенттігі.

    Тізімге Италия және шет елдерден басқа да белгілі тұлғалары кірітілген.

    Айта кету керек, “Италия Республикасына сіңірген еңбегі үшін” ордені Италияның ең жоғары мемлекеттік наградасы болып табылады және 1951 жылы 3 мартта бекітілген. Ол Италия азаматтары мен шетелдіктерді әдебиет, өнер, экономика, қайырымдылық, әлеуметтік және гуманитарлық қызмет салаларында ұлтқа сіңірген зор қызметтері үшін марапаттауға арналған.

    Сыйлықты Италия Президенті тарапынан Министрлер Кеңесі Төрағасының келісімімен, әдетте жылына екі рет: 2 июнь (Республика құрылған күн) және 27 декабрьде (Конституция күні) тапсырылады.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates