«ACWA Power» Өзбекстанда өз беделін нығайтпақ

    Энергия 19 Aprel 2022 1065

    Ар-Рияд қаласында Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – инвестициялар және сыртқы сауда министрі С.Умурзаков Сауд Арабиясының «ACWA Power» компаниясының басқару төрағасы Мухаммад Абунайанмен кездесті.

    Кездесу барысында саудиялық инвестордың елімізде жүзеге асырып жатқан энергетикалық жобаларының қазіргі жағдайын, оларды кеңейту мүмкіндіктерін, сондай-ақ компанияның Өзбекстандағы инвестициялық портфелін ұлғайту болашақтарын талқылады.

    «ACWA Power» — Өзбекстанның дәстүрлі және баламалы энергия саласындағы ең ірі серіктестерінің бірі болып табылады. Оның қазіргі инвестициялық портфелінде жалпы құны дерлік 2,5 миллиард доллар тұратын 4 жоба бар. Сауд Арабиялық компания тарапынан елдегі өндірілетін электр қуатының жалпы қуаты 2,6 ГВт-тан асады.

    Тараптар құрылыс жұмыстарын жеделдету және жүзеге асырылып жатқан жобалардың сәтті аяқталуын қамтамасыз ету бойынша кезектегі шараларды талқылады. Оларды жүзеге асыру мемлекеттің жалпы энергия өндіру қуатында қайта тіктелетін энергия көздерінің үлесін 2026 жылға келіп 25 пайызға дейін ұлғайту бойынша жоспарланған жұмыстардың орындалуына айтарлықтай үлес қосады.

    Энергетика саласының қарқынды дамуы Өзбекстанда кәсіпорындардың энергетикалық жобаларға болған сұранысын қанағаттандыратын салаларды дамытуға да ықпалы болатыны атап өтілді.

    Сондай-ақ еліміздің энергетика саласы үшін адам ресурстарын нығайту бойынша іс-шаралары қарастырылды. Өзбекстанның мамандандырылған жоғары оқу орындарының студенттері мен түлектері үшін озық технологиялық шешімдер мен халықаралық стандарттар негізінде қайта тіктелетін энергия нысандарын салу және пайдалану бойынша тәжірибе арттыруы үшін «ACWA Power» нысандарында арнайы тренингтер мен тағылымдамадан өтуді ұйымдастыру туралы келісімге қол жеткізілді.

    Сондай-ақ тараптар болашақта «ACWA Power» компаниясын тарта отырып, алдағы уақытта іске асыру үшін жаңа болашағы зор жобалардың тізімін дайындап, үйлестіруге келісті.

    Кездесу соңында Сауд Арабия инвесторлары Өзбекстан тарапының біріккен жобаларды сәтті жүзеге асыруға және ұзақ мерзімді болашақта серіктестікті одан әрі кеңейтуге сенім білдірді, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates