Африкада вакцинация деңгейі төмен: халықтың 31 пайызы ғана толық вакцинацияланған

    Іс-шаралар 20 Sentabr 2022 364

    Осыған байланысты ауру әлі де өршіп тұр.

    Бұл туралы Африканың ауруларды бақылау және алдын алу орталығының басшысы хабарлады, деп жазады жергілікті ақпарат көздерінің бірі. Оның айтуынша, Африка континентінде COVID-19 індетіне қарсы вакцинация деңгейінің төмендігінен ауру әлі де өршіп тұр.

    Жауапты өкіл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебреисустың «Әлем COVID-19 пандемиясының аяқталуына жақын» деген мәлімдемесіне түсініктеме берді.

    Қазіргі уақытта Африка халқының 31 пайыздан астамы толығымен вакцинацияланған. Оның басты себебі – аймақтарға вакциналардың кеш келуі деп айтылуда.

    Ақпарат үшін айта кетейік, бүгінге дейін елімізде барлығы 67 859 220 доза вакцина қолданылған. Бустер дозасымен 18 265 189 адам екпе алған.