Бұл орталық Өзбекстан Республикасы Президентінің 2021 жыл 2 сәуірдегі «Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы күрес саласындағы ішкі істер органдарының қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша ұйымдастырушылық шаралар туралы» қаулысына сәйкес құрылған.

Заманауи қондырғылармен жабдықталған кешен «Геоақпараттық электронды карта» бағдарламасы негізінде жұмыс істейді. Оған Ішкі істер, Әділет, Денсаулық сақтау, Көлік және Төтенше жағдайлар министрліктерінің, сондай-ақ Ұлттық гвардия мен Салық комитетінің 55 электронды дерекқорын біріктірілген. Сондай-ақ Ташкенттегі 10 мыңнан астам тұрғын-үй және тұрғын-үй емес орындардағы 7300 бейнебақылау камерасы да қосылған.

Бұл қоғамдық қауіпсіздікке жауапты күштер мен құралдарды тиімді басқаруға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, көшеде және қоғамдық орындарда қызмет көрсететін қызметкерлер онлайн режимінде бақыланып, жағдайға қарай бағытталады. Нәтижесінде оқиға орнына 3-5 минутта жетуге болады.

Олар «қауіпсіз қала», «қауіпсіз аудан» мақсаттарын қамтамасыз етуде және заң бұзушылықтарды ертерек анықтауда маңызды рөл атқарады. Атап айтқанда, өткен кезеңде Ташкент қаласында жасалған 925 қылмыс тез арада әшкереленген.

Бірыңғай жедел басқару орталығында «Е-мекенжай», «Шакл-1», «Е-қонақ», «Кадастр» бағдарламаларынан ақпарат алуда жолға қойылған. «Бір миллион бағдарламашы» жобасы аясында білім алған жастар «Қалқан» деп аталатын жүйені жасаған.

Осының барлығы халық тыныштығына жауапты органдардың тиімді ынтымақтастығын қамтамасыз етіп, мәліметтерді кешенді бағдарламада өңдеп, шұғыл жағдайлар мен криминогендік жағдайларды автоматты түрде сараптап, проблемаларды бағалай отырып, дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Мемлекет басқысы орталықта жасалған жағдаймен танысты. Осы жүйені пайдалана отырып, елді мекендердегі профилактикалық инспекторлардың жұмысын цифрландыру, қылмыспен күрестің тиімділігі мен жылдамдығын арттыру бойынша тапсырмалар берді.