Тұрғындарға айыппұл төлеуде қосымша жеңілдіктер жасалады

    Сенаттың кезектегі жалпы мәжлісінде «Әкімшілік айыппұлдарды төлеуде халыққа қосымша жеңілдіктер жасалуына байланысты Өзбекстан Республикасы Әкімшілік жауапкершілік туралы кодексінің 3321-бабына өзгертулер енгізу туралы» Заң талқыланды.

    Атап өткендей, елімізде сот құжаттары мен басқа органдардың құжаттарын орындауға бағытталған ауқымды реформалар жүзеге асырылуда.

    Атап айтқанда, осыдан 3 жыл бұрын 15 күн ішінде айыппұлдың 70 пайызын ерікті түрде төленген жағдайда, айыппұлдың қалған бөлігін төлеуден босатудың жеңілдетілген тәртібін іс жүзіне енгізілуі өзінің оң нәтижесін көрсетті.

    Алайда, осы оңайлатылған тәртіптің сот тарапынан қабылданатын қаулыларға қатысты қолданылмауы, сондай-ақ іс жүзінде кейбір әкімшілік құқықбұзушылықтар бойынша белгіленген айыппұл мөлшерінің жоғары болуы азаматтарға экономикалық тұрғыдан қиындықтар туғызып келген. Бұл өз кезегінде, әкімшілік айыппұлдарды өз еркімен төлеуде қиындықтар туғызатын еді.

    Осы Заңмен құқықбұзушы айыппұлдың 50 пайызын 15 күн ішінде, 70 пайызын 30 күн ішінде өз еркімен төлесе, қалған айыппұлды төлеуден босатылатыны көрсетілген.

    Ең бастысы, бұл тәртіп енді сот қаулысы негізінде қолданылған айыппұлдарға қатысты да қолданылып жатқаны айтылды.

    Сенаторлар аталмыш Заңның қабылдануы нәтижесінде әкімшілік айыппұлдарды төлеуде тұрғындарға қосымша жеңілдіктер жасау және олардың айыппұл өсімін одан әрі азайту арқылы қаржының үнемделуіне және айыппұлдарды атқару жүйесін одан әрі жеңілдетуге қол жеткізілетінін атап өтті, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.

    Талқылау соңында Заңды сенаторлар мақұлдады.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates