«Air Astana» Алматы-Самарқанд-Алматы бағытындағы алғашқы рейсті орындады

    Көлік 9 Iyun 2021 795

    Бүгін, 9 маусымда Қазақстандық «Air Astana» әуе компаниясы Алматы-Самарқанд-Алматы бағыты бойынша Самарқандқа алғашқы рейсін орындады. Бұл туралы Самарқанд халықаралық әуежайының әкімшілігі хабарлады.

    Қазақстанның оңтүстік астанасы Алматыдан KС121 рейсімен ұшып шыққан Airbus 321 ұшағы Ташкент уақытымен сағат 16:15-те Самарқанд халықаралық әуежайына келіп қонды. Дәстүр бойынша әуе кемесі өрт сөндіру машиналары құрған жасанды су доғасынан өтіп, тоқтады.

    Іс-шараға «Air Astana» әуе компаниясы және Қазақстанның Самарқандтағы Бас кқнсулдығының консулы Арсен Абдурахманов, Самарқанд облыс әкімінің орынбасары, облыстық туризм және спорт басқармасының бастығымен бірқатар басқа ресми тұлғалар қатысты.

    Шара барысында Қазақстанның Самарқандтағы консулы Арсен Абдурахманов сөз сөйлеп: - Қазақ пен өзбек халықтары арасындағы достық пен бауырластық ежелден тарым жайған, сондықтан бүгінде екі елдің ынтымақтастығы барлық жағынан мықты болуы керек. Осы мақсатта екі мемлекет көшбасшының бастамасымен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған реформалар дәйекті түрде жүзеге асырылды. Жақында біз Самарқандта Қазақстанның Бас консулдығын ашқыт. Біздің өзара рейстеріміз де іске қосылды. Бұл, әрине, біздің халықтарымыздың жақындығын, достығы мен ынтымақтастығын нығайтуға қызмет етеді, деді.

    «Samarqand xalqaro aeroporti» баспасөз қызметінің хабарлауынша, Самарқанд-Алматы-Самарқанд бағыты бойынша алғашқы рейс 8 маусым күні «Uzbekistan Airways» әуе компаниясы тарапынан орындалған болып, осы бағыттағы рейстер аптаның сейсенбі мен сенбіде, ал Алматы-Самарқанд-Алматы бағыты сәрсенбі және жексенбі күндері орындалатын болған.

    Бүгінде екі ел арасындағы әуе бағыттары саны артып келеді. Солар қатарында, 2021 жыл 8 наурыздан Ақтау - Үргеніш бағытында жаңа халықаралық рейсі іске қосылған болса, енді міне Самарқанд - Алматы бағыты қосылды. Алда 21 масымнан Түркістан-Ташкент бағытында тағы бір халықаралық рейс жолға қойылатын болады, деп хабарлайды ӨзА.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates