Air China авиакомпаниясы Пекин мен Ташкент арасына тікелей әуе рейсін жолға қойды

    Рейстер аптаның сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері жүзеге асырылады.

    Қытайдың ұлттық әуе тасымалдаушысы — Air China алғаш рет Пекин-Ташкент-Пекин бағыты бойынша тұрақты рейстерді жолға қойды.

    Бұл туралы Uzbekistan Airports баспасөз қызметі хабарлады.

    2025 жылдың 19 июль күні сағат 19:40-та Ташкент халықаралық әуежайына авиакомпанияның алғашқы рейсі келіп қонды. қонды. Заманауи Boeing-737 ұшағымен келген экипаж және жолаушыларды дәстүрлі су аркасымен, гүл шоқтарымен күтіп алды.

    — "Біз Қытай мен Өзбекстанның астаналары арасында тікелей әуе қатынауларын жолға қойғанымыздан өте қуаныштымыз. Бұл бағыт екі ел арасындағы сауда, туризм және мәдени байланыстарды нығайтуда маңызды рөл атқарады. Air China тек жолаушыларды ғана емес, сонымен қатар қалалар мен мүмкіндіктерді байланыстыратын көпір болуға ұмтылуда", — деді әуе компанияның өкілі.

    “Uzbekistan Airports Handling” директорының бірінші орынбасары Умид Хамраев былай деп түсіндірді:

    — « Air China сияқты ірі серіктесті қарсы алғанымызға ризамыз. Бұл бағытқа сұраныс жоғары болатынына сенімдіміз. Жолаушылар үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған».

    Рейстер аптаның сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері жүзеге асырылады.

    Air China - Қытайдың ең ірі және негізгі әуе компаниясы саналып, Star Alliance халықаралық альянсының мүшесі. Компания 1988 жылы құрылған, ол Пекин әуежайында орналасқан.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates