Әл-Беруни атындағы халықаралық мектеп-интернаты іске қосылады

    Өзбекстан Республикасы Президентінің «Президенттің дарынды балалары» бастамасымен жүзеге асыру іс-шаралары туралы» Жарлығы (ПФ-86-санды, 15.05.2025 ж.) қабылданды.

    Жарлықтың негізгі мақсаты етіп төмендегілер белгіленді, соның ішінде:

    дарынды жастарды ерте анықтау және оларды жан-жақты қолдау арқылы елдегі адам капиталын дамыту;

    Жастармен мекенді жұмыс жүргізу арқылы әлемдік еңбек базарында бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау және еліміздің дамуына жаңа инновациялық мүмкіндіктер туғызу.

    Жарлыққа сәйкес, «Президенттің дарынды балалары» бастамасы мен оны қолдап-қуаттаудың ұлттық бағдарламасы жүзеге асырылады.

    Мамандандырылған білім беру мекемелері агенттігінің жүйесінде Әл-Беруни атындағы халықаралық мектеп-интернаты құрылды. Сондай-ақ, Дарынды жастарды қолдап-қуаттау қоғамдастығының қызметі жолға қойылады.

    Жарлыққа сәйкес, Мектепте оқу үдерісі 2025/2026 оқу жылынан басталады.

    Мектеп түлектеріне мемлекет үлгісіндегі білім туралы құжат (аттестат), сондай-ақ жетекші шетелдік жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндік беретін халықаралық білім бағдарламасының дипломы (International Baccalaureate) беріледі.

    Оқушылармен интивидуалды жұмыс істеу жүйесі енгізілуде және 1 кеңесші мен педагогқа дұрыс келетін оқушылар саны шектелген нормативтерге лайықты түрде 1:15 және 1:8 қолданылады.

    Мектептегі оқу үдерісі вариативті оқу жоспарлары негізінде жүзеге асырылады және оқушылар ағылшын тілінен тыс кемінде тағы бір қосымша шет тілі оқытылады;

    Мектепте Мемлекеттік бюджет :аржысы есебінен білім алатын оқушылардың жалпы шектеулі саны 180-ді құрайды.

    Оқушыларға ғылыми-зерттеу және инновациялық стартап жобалары және басқа да әлеуметтік жобалар бойынша өзінің портфолиосын қалыптастыруға көмек көрсетіледі.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates