Жарлықтың негізгі мақсаты етіп төмендегілер белгіленді, соның ішінде:

дарынды жастарды ерте анықтау және оларды жан-жақты қолдау арқылы елдегі адам капиталын дамыту;

Жастармен мекенді жұмыс жүргізу арқылы әлемдік еңбек базарында бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау және еліміздің дамуына жаңа инновациялық мүмкіндіктер туғызу.

Жарлыққа сәйкес, «Президенттің дарынды балалары» бастамасы мен оны қолдап-қуаттаудың ұлттық бағдарламасы жүзеге асырылады.

Мамандандырылған білім беру мекемелері агенттігінің жүйесінде Әл-Беруни атындағы халықаралық мектеп-интернаты құрылды. Сондай-ақ, Дарынды жастарды қолдап-қуаттау қоғамдастығының қызметі жолға қойылады.

Жарлыққа сәйкес, Мектепте оқу үдерісі 2025/2026 оқу жылынан басталады.

Мектеп түлектеріне мемлекет үлгісіндегі білім туралы құжат (аттестат), сондай-ақ жетекші шетелдік жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндік беретін халықаралық білім бағдарламасының дипломы (International Baccalaureate) беріледі.

Оқушылармен интивидуалды жұмыс істеу жүйесі енгізілуде және 1 кеңесші мен педагогқа дұрыс келетін оқушылар саны шектелген нормативтерге лайықты түрде 1:15 және 1:8  қолданылады.

Мектептегі оқу үдерісі вариативті оқу жоспарлары негізінде жүзеге асырылады және оқушылар ағылшын тілінен тыс кемінде тағы бір қосымша шет тілі оқытылады;

Мектепте Мемлекеттік бюджет :аржысы есебінен білім алатын оқушылардың жалпы шектеулі саны 180-ді  құрайды.

Оқушыларға ғылыми-зерттеу және инновациялық стартап жобалары және басқа да әлеуметтік жобалар бойынша өзінің портфолиосын қалыптастыруға көмек көрсетіледі.