Forbes мәліметтеріне сәйкес, 13 қазан күні кәсіпкердің таза байлығы 28,6 миллиард долларға немесе шамамен 2,8 пайызға азайған.

Бұған негізінен сауда-саттық басталғаннан кейін SpaceX акцияларының 3 пайыздан астам арзандауы себеп болды. Tesla акциялары да шамамен 0,5 пайызға төмендеді.

Маск осыдан небәрі төрт күн бұрын екі компания акциялары бағасының өсуіне байланысты триллионер мәртебесін қайтадан қайтарып алған еді.

SpaceX акциялары 2026 жылғы маусымда ашық саудаға шыққаннан бері оның таза байлығы алғаш рет 1 триллион доллардан асқан болатын.

Forbes мәліметтеріне сәйкес, кәсіпкер SpaceX компаниясының шамамен 48,4 пайызына, ал Tesla компаниясының 11 пайызына иелік етеді.

SpaceX акцияларының арзандауы жасанды интеллектке арналған чиптер өндіруші компаниялардың акциялары жаппай сатылған кезеңде орын алды, деп хабарлады report.az.