Әл-Хорезми алаңының қайта жөнделуі: жоба сараптамадан өтті

    Урбанизация 10 Fevral 2022 1863

    Ташкенттегі Әл-Хорезми алаңын қайта жөндеу жұмысының жобасы мен сметалық құжаттамасы сараптамадан өтті. Келесі басқыш – алаң құрылысы және абаттандыру істерін жүргізетін мердігерлік ұйымдарды таңдау үшін байқау өткізіледі.

    Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың июнь айында «Юксалиш» жалпыұлттық қозғалысы Ташкент қаласы әкімдігі жанындағы қоғамдық кеңеспен және Өзбекстанның Экологиялық құрылыс кеңесімен бірлесіп Шыланзар ауданындағы Әл-Хорезми алаңын қалпына келтіру үшін жас сәулетшілер мен дизайнерлер арасында байқау жариялаған болатын. Мақсат – ұлы данышпанның дүниежүзілік мұрасын және математика пәнін бұқараландыру.

    Байқау қатысушыларынан «математиктер бағының» ландшафт дизайны тұжырымдамасы ұсынысы сұралған. Нәтижелер бойынша «Insard Architects» сәулеткерік бюросы жеңімпаз деп танылып, оларға «Юксалиш» ЖҰҚ-ның 10 миллион сум көлемінде ақшалай сыйлығымен марапатталды.

    Тұжырымдамада әл-Хорезмидің мұрасы мен математикасын бұқараландыру ғана емес, сонымен қатар дәстүрлі және заманалық үрдістер мен технологияларды ұштастыруға баса мән берілген. Ландшафт дизайны алаң аумағындағы ағаштарды және олардың өзіне тән ерекшеліктерін сақтауды көздейді. Спорттық және балалар ойын алаңдарын, амфитеатрлар мен көрермендер үшін интербелсенді және баяндама оқылатын алаңдарды салу жоспарлануда.

    Әл-Хорезми алаңын қайта жөндеудің бірінші басқышын жүзеге асыру үшін қаражаттың бір бөлігі (900 миллион сум) тұжырымдаманы openbudget.uz бастамашыл бюджеттік платформасына орналастыру арқылы алынды. Бұл қаражат құрылыс жұмыстарына тапсырыс беруші ретінде әрекет ететін және барлық қажетті тәртіп-ережелерді жүргізетін Шыланзар ауданы әкімдігінің есепшотына түсті. Жобаны Шыланзар және Учтепа аудандарынан келген халық депутаттары қалалық Кеңесінің депутаттары да қолдап отыр.

    «Юксалиш» жалпыұлттық қозғалысы жанындағы «Қалақұру толқыны» бастамасының белсенділері астана әкімдігі жанындағы қоғамдық кеңестің өкілдерімен бірлесіп, Әл-Хорезми алаңын қайта жөндеудің барлық кезеңдерін қоғамдық бақылауға алады.

    «Юксалиш» жалпыұлттық қозғалысының баспасөз қызметі.

    No date selected
    March 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates