Бұл туралы Президенттің «Сот құжаттары және басқа да органдар құжаттарының орындалу жүйесін цифрландыру және тиімділігін арттыру жөніндегі қосымша іс-шаралар туралы» жарлығында белгіленген.

Жарлыққа орай, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап:

жасанды интеллект технологияларын енгізу және ақпараттық жүйелерді жетілдіру арқылы мемлекеттік атқарушылары қабылдайтын қаулылардың кемінде 70 пайызы автоматтандырылады;

сот құжаттары мен басқа да органдар құжаттарының орындалуын қамтамасыз етуге қатысты іс жүргізу үдерістері заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы электрондық түрде жүргізіледі;

орындау әрекеттері барысында өндірілген ақша қаражаттарын бөлу үдерістері цифрландырылады.

2026 жылғы 1 шілдеден бастап сот және басқа да органдар құжаттары негізінде мемлекет кірісіне өткізілуі көзделген автокөліктер мен жылжымайтын мүліктер мемлекеттік орындаушының шешімімен тікелей Мемлекеттік активтерді басқару агенттігінің қарауына беріледі.

Жарлыққа сәйкес, салық қарыздары мен проблемалық несиелерді өндіруде мынадай жаңа тәсіл енгізіледі:

атқару құжаттары бойынша мүлікті өндіріп алушы тарапынан ресімделген процессуалдық құжаттар негізінде мемлекеттік орындаушының шешімімен электрондық онлайн-аукциондар арқылы сату мүмкіндігін жасау;

заңды тұлғалардың мүлкін тізімдеу және тексеруге байланысты процессуалдық құжаттарды ресімдеу жұмыстарын:

 салық органдарының салық қарыздарын өндіруге қатысты атқарушылық құжаттары бойынша – салық органының лауазымды тұлға тарапынан;

  кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемеледі орындау туралы – атқару құжаттары бойынша мемлекеттік орындаушының тапсырмасы негізінде коммерциялық банктің өкілетті тұлғасы жүзеге асырады;

атқарушылық құжаттар бойынша сауда ұйымдастыруға қатысты құжаттарды (кепіл құжаттары, тізімдеу, тексеру актілері және т.б.) электрондық платформалар арқылы жіберу;

салық органы немесе банк өкілі жүргізген тізімдеу және тексеру актілері негізінде сатылған немесе ұсынылған мүліктерді рәсімдеуге байланысты қауіптерді тіркеуші органдары міндетіне жүктеу.

Жарлыққа сәйкес, кейбір санаттағы атқарушылық құжаттар  бойынша борышкер қайтыс болғанда, қайтыс болды деп жарияланғанда немесе хабар-ошарсыз кеткен деп танылғанда, оған қатысты атқарушылық іс жүргізу мемлекеттік орындаушының шешімімен тоқтатылады.

Заңда көзделген кейбір санаттағы атқарушылық құжаттарды мәжбүрлі орындауға жібермей тұрып, оларды тиісті мемлекеттік органға немесе ұйымға, не оның лауазымды тұлғасына тапсыру өндіріп алушының құқығы ретінде белгіленеді. Бұл санатқа заңды тұлғалар тарапынан борышкер-жеке тұлғаның жалақысы мен басқа табыстарына өндіріп алуды көздейтін құжаттар кіреді.

2026 жылғы 1 мамырдан бастап алимент төлемдерін өндіру жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында алимент бойынша берешегі бар борышкерлерге қарыз толық өтелгенге дейін ірі келісімдерді жасауға, сондай-ақ кейбір қаржы-несие және мемлекеттік қызметтерді пайдалануға шектеу енгізіледі.

Проблемалық кредиттер бойынша атқарушылық құжаттар негізінде туындайтын міндеттемелерді өндіріп алу бойынша әрекеттерді жүзеге асыру мамандандырылған мемлекеттік орындаушыларға жүктеледі.