Байланыс саласындағы аймақтық достастық заңдар шығаруда өзара ынтымақтастықты қамтамасыз етеді

    Самарқант қаласында 25 октябрьде ТМД ПА және Байланыс саласындағы аймақтық достастығы Сарапшылар кеңесінің 24-мәжілісі өтті. Шара барысында сайлауды цифрландыруға, цифрлық сауданы дамытуға, жалпы цифрлық экономиканы құқықтық реттеуге қатысты мәселелер талқыланды.

    Мәжілісті Сарапшылар кеңесінің төрағасы, Өзбекстан Республикасының Ақпарат технологияларды және коммуникацияларды дамыту министрі Шерзод Шерматов жүргізді.

    Ресей Федерациясының Үкіметі жанындағы Заң шығару және салыстырмалы құқықтану институтының Әкімшілік заңдылық және үдерістер бөлімінің бас ғылыми қызметкері Людмила Терешенко әріптестерінің назарын цифрлық экономика саласындағы құқықтық реттеудің көкейтесті бағыттарына көңіл бөлді.

    Сарапшылар кеңесінің мәжілісінде электронды дауыс беру технологияларын қолдану туралы ТМД ПА Кеңесі хатшылығы басшысының орынбасары – ТМД ПА Демократияның дамуын мониторинг жасау халықаралық институтының директоры Иван Мушкет пен ТМД ПА және БАД (Байланыс саласындағы аумақтық достастық) Сарапшылар кеңесінің мүшесі, «UNICON.UZ» МУК директоры Махсум Махмудовтар айтты.

    Сондай-ақ ТМД Парламентаралық Ассамблеясы жанындағы Экономика бойынша сарапшы кеңестің электрондық коммерцияны дамыту бойынша ұсыныстары да қаралды.

    Мәжіліс қатысушылары алдағы уақытта Достастық мемлекеттердің ұлттық парламенттеріне ұсынылатын үлгілі заңдарды шығару бойынша ТМД Парламентаралық Ассамблеясының қоғамды цифрлық дамыту саласындағы атқарылып жатқан істерімен танысты.

    Қоғамның цифрлық дамуының құқықтық жақтары 2022 жылдың 2 декабрь күні ТМД ПА штаб-пәтерінде, Санкт-Петербургтегі Таврия сарайында өтетін халықаралық конференцияның басты мәселесі болмақ. Самарқант қаласында өтетін Сапапшылар кеңесінің мәжілісінде конференцияға дайындық барысы да талқыланады.

    ТМД ПА және Байланыс саласындағы аумақтық достастық Сарапшылар кеңесі ТМД елдерінде байланыс және ақапарттандыру саласындағы ұлттық құқықтық жүйелерді үйлестіруге көмектесетін үлгілі заңдарды шығаруда екі құрылымның өзара ынтымақтастығын қамтамасыз етеді.

    Байланыс саласындағы аумақтық достастық электр (телефон, телеграф байланысы, теледидар, радио және сымды хабар тарату) және пошта байланысы саласындағы ынтымақтастық және келісілген іс-әрекеттер үшін ТМД елдерінің тиісті министрліктерін бірлестіреді.

    Өзбекстанда алғаш рет өтіп жатқан ТМД Парламентаралық ассамблеясының күзгі сессиясы Сарапшылар кеңесінің мәжілісімен ашылды.

    27-28 октябрь күндері Самарқант қаласында ТМД ПА Кеңесінің мәжілісі және ТМД ПА 54-жалпы жиналысы, сондай-ақ Ассамблея мен ТМД Жастар Парламентаралық Ассамблеясының тұрақты комиссиялардың мәжілістері өтеді.

    Шараларға ТМД ПА-ға мүше елдер парламенттері делегацияларының басшылары мен мүшелері, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өкілдері, ғалымдар мен сарапшылар қатысады.

    Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.