Қолданыстағы 2 кодекске және 6 заңға түзету енгізіледі

    Қауіпсіздік 29 Aprel 2022 1354

    “Қару туралы заңдылықты жетілдіруге байланысты "Өзбекстан Республикасының кейбір заңдылық құжаттарына өзгертулер мен қосымшалар енгізу туралы" Заң қабылданды.

    Сенаттың жалпы мәжілісінде "Қару туралы заңдылықты жетілдіруге байланысты Өзбекстан Республикасының кейбір заңдылық құжаттарына өзгертулер мен қосымшалар енгізу туралы" Заң қаралды.

    Қолданыстағы "Қару туралы" Заңмен, оқатар қаруларынан тыс, пневматикалық, газды, сигналдық, суық, лақтыратын қарулар мен электрошок құрылғыларын иеленуге рұқсат берілген.

    Алайда, оқ-дәрісі жоқ жоғарыда көрсетілген қаруларға заңсыз иелік еткені үшін заңдылықта жауапкершілік жоқ.

    Қарапайым тілмен айтқанда, оқсыз қаруларды заңсыз иемденген жағдайда, яғни оны үйде сақтау, көшеде ұстап жүру, оқу орындарында алып жүру, тағы басқа да жағдайларда қару иесі оны түрлі қылмыстық мақсаттарда пайдаланбауына “кепілдік” жоқ.

    Сондықтан, бүгін талқыланып жатқан Заңмен қолданыстағы 2 кодекс пен 6 заңға өзгертулер енгізу көзделген.

    Қару және оның оқ-дәрілер айналымын мемлекеттік реттеу және бақылау функциялары Ұлттық гвардиядан ішкі істер органдарына өткізіледі;

    Оқсыз қарумен заңға қайшы түрде мәлімеде болуы немесе қаруды қолдану ережелерін бұзғандық үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік қарастырылған;

    Өзбекстан Республикасы азаматтарының азаматтық аңшылық қарулары мен оның оқ-дәрілерін алу құқығына ие болуы үшін жас цензі жиырма бес жас (қолданыстағы заңдылықта жиырма бір жас) етіп белгіленеді;

    Бұдан тыс, азаматтық қаруды және оған оқ-дәрілерді беруге тыйым салуды қарастырады.

    Заңды сенаторлар мақұлдады.

    Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.

    No date selected
    March 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates