Әндіжанда Президент мектебі пайдалануға тапсырылды

    Сабақтар ағылшын тілінде беделді шетелдік университеттерімен бірлесіп әзірленген оқу жоспарлары мен бағдарламалары бойынша жүргізіледі.

    Шарада сөз сөйлеген Өзбекстан Республикасы Президенті білім мекемелері агенттігінің директоры Хилола Умарова мен Өзбекстан Қаһарманы Камолиддин Гапировтар бұл мектеп Президенттің бастамасымен еліміздің ең талантты, білімді жастары үшін салынғанын атап өтті.

    Содан кейін қонақтар мектептің тыныс-тіршілігімен танысып, оқу барысын бақылады.

    – Бұл мектепте оқу үрдісі түбегейлі жаңа технологиялар негізінде ұйымдастырылған, – дейді табиғи пәнінің мұғалімі Шерзодбек Нұралиев. — Сабақтар шетелдің беделді университеттерімен бірлесіп әзірленген оқу жоспарлары мен бағдарламалары бойынша ағылшын тілінде жүргізіледі. Естеріңізге сала кетейік, Президент мектебінің бітірушілері мемлекет тарапынан бекітілген аттестатты, сондай-ақ халықаралық деңгейдегі тиісті бағдарламаның дипломын (International Baccalaureate, Advanced Placement немесе International Advanced Levels) алады, бұл өз кезегінде шетелдік университеттерге кіру мүмкіндігін береді.