Гидрометеорологиялық қызметтің мәліметінше, елімізге Еділ бойы аумағынан суық ауа массасы ене бастайды.
Соның салдарынан 10-15 январь күндері елімізде аномалды суық болып, ауа температурасы түнде -12-17, солтүстікте түнде -17-22 дәрежеде, ал Үстірт және шөл аумақтарының кейбір жерлерінде -25-27 градус суық болады.
Сонда мұндай аномалдық температура адам денсаулығына қалай әсер етеді? Оның зиянды әсерінен сақтану жолдары қандай?
Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Э.Баситханова осыған байланысты өз ұсыныстарымен бөлісті.

- «Қатты суықта көбінесе қан тамырларының күрт тарылуы жиі болады», - дейді министрдің орынбасары. Әсіресе, гипертония, бас ми қан тамырлары атеросклерозы, инсульт және инфаркттен кейінгі жағдай, стенокардио сияқты аурулармен ауырған науқастарға мұндай қолайсыз ауа райы кері әсерін көрсетеді. Оларды бас және жүрек айналасында ауырсынумен мазалайды.
Сондай-ақ, бронх және өкпе аурулары, атап айтқанда, бронхиалды демікпесі бар науқастарда аурудың белсенді кезеңінде асқынулары артады. Яғни, үйден сыртқа шыққанда, бронхо түйілуі немесе стенокардия талмасының қаупі артады. Сол себепті мұндай адамдар дәрігердің ұсынысымен үнемі қабылдайтын дәрі-дәрмектерді өзімен бірге алып жүруі қажет.
Сонымен қатар, аномалды суық тері мен бүйрек аурулары бар науқастардың жалпы жағдайының нашарлауын тудыруы мүмкін. Өйткені мұндай жағдайда дене мүшелерінің мұздап қалу ықтималдығы жоғары.
Сондықтан жаурап қалудың алдын алу үшін көшеге шыққанда жылы әрі қалың киім кию қажет. Мұндай жағдайда қолғап пен жүн шұлықтарды пайдалану өте маңызды. Әсіресе бас және ірі қан тамырлары орналасқан мойынды жылы ұстау қажет. Себебі, мойын тамыры адам миын қанмен қамтамасыз етеді.
Аномалды суық кезінде алкоголь мен темекі тұтынудан бас тартқан дұрыс. Өйткені бұл зиянды әдеттер қан тамырларының күрт тарылып, аяқ-қолдың қысқа мерзімде мұздауына себеп болады.
Қатты суық ауа райы адам терісін шамадан тыс құрғатады. Сондықтан сыртқа шығар алдында құрамында суы бар дәрілерді теріге жақпаған дұрыс. Керісінше, майлы кремдерді қолданған жөн.
Суық күндері таңғы асты міндетті түрде ішу керек. Аштық дененің тез тоңуына және иммунитеттің әлсіреуіне әкеледі. Тұтынатын тағамдардың калориясы ыстық күндермен салыстырғанда 25-30%-ға арттырған жөн. Бұл жағдайда ыстық және сұйық тағамдар өте пайдалы.
‼️Аномалды суық күндері таза ауда аз болған жөн, балалар мен қарт адамдардың көшеге шықпағаны дұрыс.
«Қатты суықта көбінесе қан тамырларының күрт тарылуы жиі болады», - дейді министрдің орынбасары. Әсіресе, гипертония, бас ми қан тамырлары атеросклерозы, инсульт және инфаркттен кейінгі жағдай, стенокардио сияқты аурулармен ауырған науқастарға мұндай қолайсыз ауа райы кері әсерін көрсетеді. Оларды бас және жүрек айналасында ауырсынумен мазалайды.