Шараға Түркияның Мәдениет және туризм министрлігі, Туристік агенттіктері одағының, Анкара қаласының губернаторлығы мен 150-ден астам туристік агенттіктердің өкілдері қатысты.
Қатысушылар назарына «Табаррук зиярат» туризмінің концепциясы, Бахоуддин Нақшбанд, Имам Бұхари, Имам Термизи, Имам Мотуриди және Бурхонуддин Марғинони сынды ұлы ғұламалардың ислам әлеміндегі орны туралы мәліметтері беріліп, "Жеті пір" зиярат орындарының туризм мүмкіндіктері таныстырылды.
Сонымен бірге, шара аясында "Uzbekistan Airways" ұлттық әуе компаниясының үстіміздегі жылдың 4 ноябрінен бастап Ташкент пен Анқара қалалары арасындана қойылған рейстері, сондай-ақ Түркиядан елімізге келетін саяхатшылар үшін жасалған мүмкіндіктер мен қолайлылықтар туралы толық мәлімет ұсынылды.
Шара соңында еліміздегі түркиялық туристердің санын арттыру мақсатында маңызды келісімдерге қол жеткізілді.