Кездесуде Өзбекстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы стратегиялық серіктестік пен өзара дипломатиялық қарым-қатынастар білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамытуға қызмет етіп жатқаны, осы саладағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері оң нәтиже беріп жатқаны атап өтілді.
Білім беру саласындағы халықаралық озық тәжірибені Өзбекстанда енгізуде АҚШ-пен жүргізілген екіжақты ынтымақтастықтың маңыздылығы, атап айтқанда, АҚШ-тың Халықаралық Даму Агенттігімен (USAID) жүргізіліп жатқан жұмыстарды тілге тиек етіп, ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне көтерілетініне сенім білдірді.
Елші Өзбекстандағы миссиясына кірісудегі басты мақсаты екі ел арасындағы ынтымақтастық беттеріне білім беру елшісі болу екенін атап өтті.
Министр мен елші сұхбатта, сондай-ақ мұғалімдердің біліктілігін арттыру, мектептердегі білім сапасын жақсарту, алмасу бағдарламалары, инклюзивті білім беру жобаларын әзірлеу мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Халыққа білім беру министрлігінің баспасөз қызметі.