Сұхбатта екіжақты күн тәртібінің басым бағыттары бойынша Өзбекстан-Америка ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен болашағы талқыланды.
Әсіресе, Ауғанстандағы жағдай, сондай-ақ, бұл елдегі гуманитарлық жағдайға және экономикалық қайта құру бойынша бірлескен шараларға ерекше назар аударылады. Өзбекстан Ауғанстандағы бейбітшілік пен тұрақтылыққа, елдің экономикалық процестеріне, оның ішінде ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға мүдделі екендігі айтылды.
Конгрессмендер Өзбекстанның Ауғанстаннан шетел азаматтарын көшіруді ұйымдастыруға және ауған халқына гуманитарлық көмек көрсетуге белсенді түрде қатысатынын баса айтты, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.