АҚШ-тың азық-түлік өнімдері және дәрі-дәрмек құралдарын бақылау басқармасы “BMB HOLDING” компаниясының “BMB Opera Zafferano” кәсіпорнына шафран өнімдерін Құрама штаттарына экспорттау мүмкіндігін беретін FDA рұқсат қағазын берген еді. Бұл рұқсат қағазының мерзімі өзгертілді.
Жызақ облысының Бахмал ауданындағы шафран плантациясында өнімді егу, өсіру, агротехникалық шараларды дер кезінде жасау, теріп алу, қайта өңдеу және сақтау, қораптау үдерістері толық зерделенген соң “BMB Shifo” кәсіпорны аталмыш құжатқа лайық деп тапты.
Ақпарат ретінде: FDA (Food and Drug Administration) — АҚШ-тың азық-түлік, дәрі-дәрмек, медициналық, косметикалық және биологиялық өнімдердің қауіпсіздігі мен тиімділігін бақылайтын мемлекеттік агенттігі саналып, осы ұйым өнімдердің адам денсаулығына зия жеткізбейтінін және белгіленген стандарттарға лайықты екенін қамтамасыз етеді.