Иранның сыртқы істер министрі Аббас Арагчи бұл туралы Al Jazeera телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді.
Ол сондай-ақ, Иран көрші елдердегі азаматтық нысандарға соққы жасамайтынын, керісінше АҚШ шабуылдарына Таяу Шығыстағы америкалық базаларға соққы беру арқылы жауап беріп жатқанын атап өтті.
Кеше БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен телефон арқылы сөйлесу барысында Арагчи Ормуз бұғазындағы жағдайды аймақтағы жалпы ахуалдан бөлек қарастыруға болмайтынын, өйткені бұғаздағы жүк тасымалындағы үзілістер АҚШ пен Израиль жүргізіп жатқан соғыстың салдары екенін айтты, деп хабарлады Report.az.