Оған Олий Мажлис Заң шығару палатасының депутаттары, Өзбекстан ХДП Орталық Кеңесінің жауаптылары, Халық депутаттары жергілікті Кеңестеріндегі партиялық топтарының мүшелері, партия белсенділері, жастар және БАҚ өкілдері қатысты.
Талқылауды бастамас бұрын, Конституциялық заң жобасының мазмұны түсіндірілді. Жиналыста атап өтілгендей, Конституциялық заң жобасымен Сайлау кодексіне және 7 заңға өзгерістер мен қосымшалар енгізу көзделген. Сайлау кодексіне енгізілген ең маңызды өзгеріс – Заң шығару палатасының сайлауын аралас, мажоритарлық, пропорционалды сайлау жүйесі негізінде өткізу ұсынылып отыр.
Мұнда сайлау округтері бір мандатты және бірыңғай сайлау округтеріне бөлініп, Заң шығару палатасының 75-ке жуық депутаты мажоритарлық сайлау жүйесі негізінде бір мандатты сайлау округтерінен, ал қалған 75-і пропорционалдық сайлау тізімі (кандидаттардың тізімі) негізінде саяси партияларға берілген дауыстар бойынша бірыңғай сайлануы белгіленуде. Сонымен қатар, Олий Мажлистің Заң шығару палатасында саяси партиялар қазіргідей 9 депутаттық орынның емес, 5 депутаттық орынмен де өз фракциясын құруға мүмкіндік туады.
Жиында жалпыхалықтық талқылауға ұсынылған Конституциялық заң жобасындағы енгізілген өзгерістер мен қосымшалар бірінен соң бірі қаралып, жиналғандардың ой-пікірлері тыңдалды. Жобаның қабылдануы азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысу мүмкіндіктерін арттыратыны айтылды.
Аралас сайлау жүйесі саяси партиялардың жетекші орынға шығуы, пікірлер, өмірлік идеялар мен бағдарламалардың бәсекелестігін арттыруға қызмет етеді.