“Облыста 105 гектар жерге “Машинасозлик ва электротехника саноат хаби” арнайы зонасын ұйымдастыру туралы қаулыға қол қойдым. “Узавтосаноат” тарапынан осы Өндіріс хабында 2021-2023 жылдары 80 миллион доллар инвестицияға, 8 жобаны жүзеге асыру жоспарланған ”, — деді Шавкат Мирзияев.
Сонымен қатар, жобалар аясында шойын деталін құю, оларға механикалық өңдеу беру, резина детальдар, автомобильдің айна тазалағыштары, шасси үшін пружиналар өндіру игеріледі.
“Кеше мен сондай-ақ электромобильдерді өндіру бойынша тапсырма бердім”, — деді Шавкат Мирзияев.
Мемлекет басшысы “Узавтосаноат” ( Умурзоқов) және “Электросаноатқа” ( Юнусов) бір ай мерзімде жаңа жобаларды жүзеге асыру бойынша ұсыныс жасап, презентация жасау міндетін жүктеді.