“Облыста 105 гектар жерге  “Машинасозлик ва электротехника саноат хаби”  арнайы зонасын  ұйымдастыру  туралы  қаулыға қол қойдым.  “Узавтосаноат”  тарапынан осы  Өндіріс  хабында  2021-2023  жылдары  80 миллион доллар инвестицияға, 8 жобаны жүзеге асыру жоспарланған ”, — деді Шавкат Мирзияев.

Сонымен қатар, жобалар аясында шойын деталін құю, оларға механикалық өңдеу беру, резина детальдар, автомобильдің айна тазалағыштары, шасси үшін пружиналар  өндіру  игеріледі.

“Кеше мен сондай-ақ электромобильдерді  өндіру бойынша тапсырма бердім”, — деді Шавкат Мирзияев.

Мемлекет басшысы   “Узавтосаноат”  ( Умурзоқов) және  “Электросаноатқа” ( Юнусов) бір ай мерзімде жаңа жобаларды жүзеге асыру бойынша  ұсыныс жасап, презентация жасау міндетін жүктеді.