Anadolu агенттігінің хабарлауынша, электромобильдердің жалпы сатылымының шамамен 13 миллионы Қытайдың үлесіне тиесілі.
Ішкі бәсекенің күшеюі, агрессивті баға саясаты және модельдердің көбеюі аясында 2025 жылы Қытайдағы сатылым 2024 жылмен салыстырғанда 17 пайызға артты.
Бәсеке күшейген сайын қытайлық автокөлік өндірушілері шетел базарына шығуда. Оңтүстік Америка, Оңтүстік-Шығыс Азия және Орталық Азия осы экспорт ағынынан пайда көріп, бұл өз кезегінде әлемдік электромобиль нарығының өсуіне ықпал етті, деп хабарлады inform.kz.