Тұсаукесерді еліміздің дипломатиялық миссиясы тарапынан Өзбекстан Мәдениет министрлігі, Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы, Түркияның Хажы Байрам Валий университетімен бірлесіп ұйымдастырылды.
Шарада Өзбекстан Елшісі Алишер Аъзамхужаев, Мәдениет министрінің кеңесшісі Шавкат Ортиқов, ТҮРКСОЙ бас хатшысы Сұлтан Раев және Хажы Байрам Валий атындағы университет ректорының орынбасары Метин Урбай және т.б сөз сөйледі.
Елші Алишер Аъзамқужаев өз сөзінде шараны ұйымдастыруға атсалысқан «Аспан тола жұлдыздар» кітабын түрік тіліне аударуға тікелей қатысқан ғалымдар мен жазушыларға шексіз алғысын білдірді. Ғафур Ғұламаның ХХ ғасырдың ең қиын кезеңінде шығармашылықпен шұғылданғаны, оның шығармашылығында жалпыадамзаттық идеялар мен гуманитарлық тақырыптар маңызды орын алғаны, әсіресе, жазушының «Шұм бала» хикаясы әдебиет сүйер қауымның ерекше сүйіспеншілігіне ие болғаны айтылды.
Ғафур Ғұламаның «Шұм бала» шығармасы жас баланың басынан кешірген шытырман оқығалары, халықшылдығы, жайдары әрі бай тілімен, шынайылығымен ерекшеленеді. Бір айта кетерлігі, жазушының «Шұм бала» шығармасы 2023 жылғы ең үздік балалар әдебиетінің топ- 100-дік тізіміне енді.
Конференция аясында Ғафур Ғұламның өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша фильм көрсетілді. Қатысушылар назарына «Аспан тола жұлдыздар» кітабының тұсауы кесілді, деп хабарлайды «Дунё» АА.