Кейінгі кездері экологиялық мәселелер, әсіресе ауаның ластануы қалың жұртшылықты алаңдатып отыр. Экологиялық қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін көліктерден бөлінетін зиянды газдар мен көлік кептелісі мұның басты себептерінің бірі. Сондықтан да, Мемлекет басшысының бастамасымен экологиялық жағдайды жақсарту бойынша кешенді шаралар қолға алынуда.
Атап айтқанда, автокөліктердің зиянды шығарындыларына байланысты экологиялық проблемаларды жою мақсатында Ташкент қаласы «Мирабад» ауданы «Файзабад» махалласында орналасқан Жол қозғалысы қауіпсіздігі басқармасының тіркеу және емтихан алу бөлімі заманауи диагностикалық жаңа әдіспен жұмыс істейтін орталыққа айналдырылды.
Бүгін Мемлекет басшысы орталықтың қызметімен танысты.
Орталық қызметін ұйымдастыруда Германия, Бельгия, Франция сияқты дамыған елдердің қалаларының қоршаған ортаны қорғау саласындағы озық тәжірибесі ескерілген.
Бұл орталық көліктерге мемлекеттік нөмір беріп, тіркеу куәлігін тапсыру түрлі бюрократиялық кедергілер мен түсінбеушіліктерден алыс және адам факторы барынша төмендетілген. Бұрын автокөлікті тіркеу процесі алты-жеті кезеңде жүзеге асырылса, қазір кезең саны үшке дейін қысқарды.
Ең бастысы, орталық қазір көліктен шыққан зиянды заттардың мөлшерін тексеріп, экологиялық тексеру қорытындысы бойынша RFID чипі бар «қызыл», «сары» немесе «жасыл» жапсырма (стикер) автокөліктің алдыңғы әйнегіне жапсырылады.
Болашақта қазіргі экологиялық жағдайды негізге ала отырып, қала аумағы бірнеше экологиялық аймақтарға бөлініп, көліктерден бөлінетін зиянды заттардың деңгейіне қарай, яғни стикердің түсіне байанысты белгілі бір экологиялық аймақтарға кіруді кезең-кезеңімен шектеу ұсынылуда. Бұл ретте рұқсат етілмеген көліктердің экологиялық аймақтарға кіруі автоматты түрде бақыланады. Тәртіп бұзушылықтар нәтижесінде салынған айыппұлдар ауданның экологиялық жағдайын жақсарту жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруға бағытталатын болады.
Жүйенің толыққанды жұмыс істеуі үшін республика бойынша ауаны бақылаудың 100-ге жуық автоматты станциясын орнату, автокөліктердің атмосфераға келтірген залал деңгейін бағалау үшін 84 тіркеу-диагностикалық орталықтарын, сондай-ақ Жол қозғалысы қауіпсіздігі қызметінің 216 облыстық бөлімшелерін Заманауи диагностикалық жабдықтармен жабдықтау көзделген.
Өз кезегінде халық үшін электромобильдерді сатып алуды ынталандыру, оның ішінде мұндай көліктерге мемлекеттік нөмір беру үшін алынатын алым мөлшерін азайту бойынша нақты практикалық шаралар қабылданатын болады.