Қаулыға сәйкес, Цифрлық технологиялар министрлігі жанындағы Ақпарат және телекоммуникациялар саласындағы бақылау инспекциясы төмендегі салалардағы арнайы өкілетті мемлекеттік орган етіп белгіленді:
ақпараттандыру, телекоммуникациялар, пошта байланысы, цифрлық технологиялар салаларында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
бұқаралық ақпарат құралдарын тіркеуге алу және олардың заңнамалық құжаттарының талаптарына сәйкестігіне мониторинг және бақылауды жүзеге асыру;
балаларды олардың денсаулығына зиян келтіретін ақпараттан қорғау.
2027 жылдың 1 январына дейін төмендегі мүмкіндіктерге ие «Цифрлық бақылау» платформасы іске қосылады:
халық тұрып жатқан, сондай-ақ алыс және шалғай елді мекендердегі цифрлық технологиялар мен телекоммуникациялар салаларында көрсетілетін қызметтердің мониторингін жасау;
ақпараттық жүйелерде, ресурстарда, бағдарламалық өнімдерде және дерекқорларда үзілістер немесе тоқтап қалу жағдайы бойынша тиісті шараларды қабылдау;
жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерді жедел қарауды ұйымдастыру.