Айдар-Арнасай көлдер жүйесінде экотуризм дамытылады

    Билік 8 Noyabr 2021 4542

    Мемлекет басшысы 8 қарашада Айдар-Арнасай көлдер жүйесінде экологиялық тұрақтылықты сақтау және экотуризмді дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді.

    Өңірде экотуризмді дамыту үшін ең алдымен су көлемінің тұрақтылығын қамтамасыз ету және биоәртүрлілікті сақтау қажет екендігі айтылды. Жиында, көлдердің айналасында қосымша туристік аймақтар мен демалыс аймақтарын салуға көңіл бөлініп, Бұл ретте Айдар-Арнасай көлдер жүйесінің толық әлеуетін барынша пайдалана отырып, мұнда балық шаруашылығын одан әрі дамыту қажеттігі айтылды.

    Бүгінде облыста жылына 4 мың тонна ғана балық ауланады. Жағдай жасап, жұмысты жүйелі ұйымдастырудың арқасында бұл көлемді 20 мың тоннаға дейін ұлғайтып, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік бар. Сондықтан кластерлік балық өсіру, кәсіпкерлерді тарту және көлдерді жалға беру бойынша тапсырмалар берілді.

    Шенеуніктерге Айдар-Арнасай көлдер жүйесінің экологиялық жағдайын жақсарту бағдарламасын қабылдау тапсырылды. Оның аясында судың тұрақты деңгейін ұстап тұру және көлдер жүйесіндегі тұздылықты азайту шаралары қолға алынады. Жағалаудағы 800 гектар жерге ағаштар мен көшет отырғызылмақ.

    Сондай-ақ өңірдегі экологиялық қауіпсіздікті нығайту, браконьерлік және басқа да құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша қатаң тапсырмалар берілді.

    No date selected
    March 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates