Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігі хабарлады.
Хабарлауынша, бұл істерге қатысты 20-дан астам сот материалдары зерделенген. Құжаттардың біріне сәйкес, Тәжікстан азаматы Дилшод А. YouTube платформасында Ресейде тыйым салынған радикалды ислам ағымы өкілдерінің уағыздарын жариялаған арналарға жазылғаны болған және Ресейге қарсы үгіт-насихат мазмұнындағы бейнелерді көргені үшін шекара бақылауынан өткізілмеген.
Соттың тағы бір құжатына сәйкес, Өзбекстан азаматы Акмалжон Б. радикалды діни блогерлер мен террористік ұйымдардың қызметін көрсеткен бейнелерді тамашалағаны себепті Ресей қауіпсіздігіне қатер төндірді деп есептеп, оның кіруіне руқсат бермеген.
Сондай-ақ, бірнеше азаматтарда Украинаның арналарға жазылғаны, сондай-ақ Ресей құқық қорғау органдарының қызметін сынайтын хат-хабарлары бар екені анықталды. Олардың кейбірі Ресейге кірмес бұрын мессенджерлердегі хат-хабарларды өшірмек болғаны анықталды.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 22 март күні Мәскеу түбіндегі "Крокус Сити Холл" концерт залында болған терроршылық шабуылдан соң шекаралық тексерулер күшейтілген. Соңғы 1,5 жылда Ресейге кіруден бас тарту туралы қаулыларды сот арқылы жоюға 20-дан астам Тәжікстан мен Өзбекстан азаматы әрекет еткен. Олар Ресейде жұмыс істеу немесе жақын туыстарын көру ниетінде екенін білдірген, бірақ барлық жағдайда сот қаулылары заңды және негіз деп табылған.