Ауыл шаруашылығы мен азық-түлік өнімдерін өндіруде біріккен жобаларды іске асырудың ағымдағы жағдайы мен болашағы қаралды. Сұхбатта өзара ынтымақтастықты, сондай-ақ тәжірибе мен инновацияларды алмасу арқылы жүзеге асыруға дайын екендігі айтылды.
Кездесу соңында тараптар алдағы іс-шаралар туралы келісімге келіп, талқыланған жобалар мен бастамаларды уақтылы жүзеге асырудың нақты механизмдерін әзірледі, деп хабарлайды Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің баспасөз қызметі.
Azersun Holding – бұл азық-түлік өнеркәсіп саласында жетекші Әзербайжан компанияларын бірлестіретін ірі холдинг саналады. Компания тарапынан азық-түлік өнімдері, ауыл шаруашылығы, қораптау өнімдерін өндіру бойынша 30-дан астам кәсіпорынды пайдалануға тапсырылған. Холдинг Әзербайжан ішкі базарындағы азық-түлік өнімдеріне болған сұраныстың басым бөлігін қамтамасыз етіп, 40-тан астам елге өнім экспорттайды.