Диалогта ең алдымен тараптар екі ел басшыларының ашық және сенімді қарым-қатынастары елдер арасындағы ынтымақтастық байланыстардың дамуында берік негіз болып табылатынын атап өтті.
Кездесуде жоғары дәрежедегі екіжақты келісімдердің жүзеге асырылуын қамтамасыз ету, сонымен қатар сауда-экономикалық, көлік-коммуникация, мәдени-гуманитарлық және тағы басқа да салалардағы біріккен жобаларды құқықтық тұрғыдан қамтамасыз ету бойынша парламенттердің өзара ынтымақтастығына ерекше назар аударылды.
Тараптар халықаралық ұйымдар мен парламентаралық құрылымдар аясындағы қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға және өзара қолдау көрсетуге мүдделі екендіктерін білдірді.
Сондай-ақ, Сахиба Гафарова Өзбекстанның бастамасымен алғаш рет ұйымдастырылып отырған Азия әйел-қыздар форумы әйелдердің экономикалық, әлеуметтік және саяси құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту үшін маңызды алаң болатынын атап өтіп, форумның жұмысына сәттілік тіледі.
Кездесу соңында тараптар екі елдің іскер әйелдері арасындағы ынтымақтастық байланыстарды одан әрі жандандыруға, жас парламентарийлердің диалогын жеделдетуге келісті, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.