БАӘ-мен ынтымақтастық жобаларды жалғастыруға келісілді

    «Astrum» IT академиясында Ақпараттық технологияларды және коммуникацияларды дамыту министрі Шерзод Шерматов Біріккен Араб Әмірліктерінің делегациясымен кездесу өткізді.

    Бұл кездесу делегацияның «IT Rark Rewind 2022» халықаралық конференциясына қатысуы аясында ұйымдастырылды.

    Кездесуде БАӘ-мен өзара ынтымақтастық байланысты нығайту және оларды одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, АКТ министрі БАӘ-нің mGovAward халықаралық байқауын жүзеге асыруға тікелей қатысуы мен қолдап-қуатталуын ерекше атап өтті.

    Еліміздегі жастардың әлеуетін арттыру, екі елдің арасында ІТ-компанияларымен ынтымақтастықта жұмыс жасау, жас ұл-қыздарды АКТ саласына көбірек тарту мақсатында алдағы уақытта осындай жобаларды біргелікте жүзеге асыруға келісіп алынды.

    Кездесу соңында тараптар ақпараттық технологиялар саласында Өзбекстан мен БАӘ арасында ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін зор әлеует бар екенін және осы бағытта барлық іс-әрекеттерді жұмылдыруға дайын екендіктерін мәлімдеді, деп хабарлайды Ақпараттық технологияларды және коммуникацияларды дамыту министрлігінің баспасөз қызметі.