Онда компанияның еліміздегі инфрақұрылымдық даму, логистика және электронды коммерция саласындағы бірқатар инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қатысу бойынша болашақтары қаралды.
Ақпарат үшін: DP World әлемдегі ең ірі порт операторларының бірі, 2005 жылы Dubai Ports Authority және Dubai Ports International бірігуінің нәтижесінде құрылған. Компанияның 78 теңіз және ішкі терминалдары бар. Олар алты құрлықтың 40 мемлекеттегі 50-ден астам кәсіпорындар тарапынан басқарылады. Компания негізінен дамушы және дамыған базарларда жұмыс істейді. Оның құрамына порттар мен терминалдар, өнеркәсіп парктері, логистикалық және экономикалық аймақтар, яхта тоқтайтын айлақтары кіреді.
Келіссөздер барысында DP World өкілдері Өзбекстанның инвестициялық ортасы, шетелдік инвесторлар үшін енгізілген жеңілдіктер және преференциялармен, сондай-ақ олардың қызметіне кепілдік берудің нормативтік-құқықтық базасымен егжей-тегжейлі танысты. Көлік-логистикалық қызметін көрсету, сондай-ақ көліктік-логистикалық орталықтарды құру және логистикалық үдерістерді оңтайландыру бойынша қызмет көрсету, экономикалық және шағын өнеркәсіптік аймақтарды дамыту сияқты бағыттар Өзбекстанда компанияның тиімді қызметі үшін ең тартымды және үстем бағыттары ретінде қаралды.
Келіссөздер соңында компания өкілдері Ташкент облысында заманалық логистикалық орталықты салуға қызығушылық танытты, ал министрлік басшылығы біріккен жобаларды жүзеге асыруға жан-жақты қолдап-қуаттауға дайын екенін растады, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.