«Yalla Mishwar» лақап атымен танымал ерлі-зайыпты Ясин мен Ола әлемнің 25 елін аралап, сол елдердің тарихи қалалары, ұлттық қолөнері мен гастрономиясы туралы мазмұнды контенттер дайындап, әлеуметтік желіде жариялаған.
Сапардың мақсаты – еліміздің туризм әлеуетімен араб елдерінің азаматтарын жақыннан таныстыру және сол арқылы Өзбекстанға саязхаттар ағынын арттыру, республикамыздың туризм саласындағы мүмкіндіктерін шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихаттауға бағытталған.
Блогерлер Ташкент пен Самарқанттың көрікті жерлері, сондай-ақ Жызақ облысы мен Замин ауданында құрылған жаңа туристік нысандар туралы қызықты контенттер дайындауды жоспарлаған, деп хабарлайды Туризм комитетінің баспасөз қызметі.