The Daily Star басылымының хабарлауынша, жолаушыларды алып келе жатқан автобус понтон паромына шығуды күтіп тұрған кезде өзеніне түсіп кеткен.
Газеттің хабарлауынша, көлікте шамамен 40 адам болған. Он бір жолаушы өз бетінше жағаға шыға алған.
Құтқарушылар автобусты апаттан алты сағат өткен соң өзеннен алып шыққан. 18 адамның мәйіті табылған, тағы бірнеше адам хабар-ошарсыз кеткен, деп хабарлайды report.az.