Министрлер Кабинетінде 31 январь күні «Мемлекеттік органдары мен ұйымдардың ресми веб-сайттарының қызметін одан әрі жетілдіру іс-шаралары туралы» қаулы қабылданды.
Осыған орай, 2025 жылдың 1 мартынан бастап мемлекеттік органдардың ресми веб-сайттары тек бірыңғай платформада ғана жүргізілетін болады. Бұл ретте жаңадан құрылған мемлекеттік органдары өздерінің ресми веб-сайттары қызметінің құрылған күннен бастап бір айдың ішінде бірыңғай платформада іске қосылады.
Мемлекеттік органдардың басшылары өз құрылымының ресми веб-сайты бірыңғай платформада жүргізілуі үшін жеке өзі жауапты саналады.
Мемлекеттік органдары:
— ресми веб-сайтты бірыңғай платформаға өткізілгеннен кейін бір апта ішінде ескі ресми веб-сайттардың домен мекенжайлары мен веб-сайт және ондағы ақпараттарды сақталған түрде, бірыңғай платформадағы ресми веб-сайттардың мекен-жайына қайта бағытталады немесе олардың қызметін тоқтатады;
— Бірыңғай платформа операторымен бірыңғай платформаға өткізілген веб-сайттар қызметін техникалық қолдап-қуаттау және оларға қызмет көрсетуді, тараптардың құқықтық және міндеттемелерін қамтитын келісімшартты құру шараларын қабылдайды.
«Киберқауіпсіздік орталығы» мемлекеттік унитарлық кәсіпорны Цифрлық технологиялар министрлігімен бірлесе отырып, бірыңғай платформаны әр алты айда қайтарымсыз негізде киберқауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптамадан өткізіліп, киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша үздіксіз мониторинг жүргізетін болады.