Өзбекстанда әуе, темір жол және автобус билеттерін алуға мүмкіндік беретін бірыңғай онлайн платформа іске қосылады

    Министрлер Кабинетінің «Туризм саласын цифрландыру және туристік қызметтерді бірыңғай платформаға біріктіру іс-шаралары туралы» қаулы қабылданды.

    Қаулыға сәйкес, 2025 жылдың 1 сентябрінен бастап Ұлттық туризмнің бірыңғай платформасы сынақ ретінде, 2025 жылдың 1 декабрінен бастап ол толыққанды жұмыс істейді.

    Бұл платформа төмендегілерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді:

    саяхатшыларды орналастыруда онлайн брондау және туристердің бағалауы;

    республикадағы туроператорлар мен турагенттердің қызметтерін, соның ішінде саяхатшыларға гид, гид-аудармашылардың, жол бастаушы, экскурсия жетекшілерінің қызметтерін пайдалану;

    бағытсыз такси және көлік құралдарын жалға алу қызметтерін пайдалану;

    автобус, әуе және темір жол билеттерін, мәдени мұра нысандары, мұражайлар және тағы басқа да көрікті жерлерге кіру билеттерін сатып алу;

    халықаралық және ұлттық төлем жүйелері арқылы туристік қызметтер үшін төлемдерді жүзеге асыру;

    туризм саласына қатысты статистикалық есептерді жүргізу және нақты уақыт режимінде талдау жасау.

    Платформадағы мәліметтер 14 шет тіліне тәржімалау қамтамасыз етіледі. Транспорт министрлігімен бірлесе отырып, «Узтранс» бірыңғай интерактивті ақпараттық жүйесі, сондай-ақ «Өзбекстан темір жолдары», Uzbekistan Airways және басқа да жолаушылар тасымалдаға лицензиясы бар ұйымдардың электронды билеттерін сатып алу жүйелері біріктіріледі.