Мемлекеттік бағдарламалар аясында несиені бөлудің барлық басқыштары электронды платформаларда жүзеге асырылады

    Цифрландыру 16 Noyabr 2023 1231

    «Халықты шағын және орта бизнеске кеңінен тартудың қосымша іс-шаралар туралы» Президенттің қаулысы (ПҚ-366-санды, 15.11.2023 ж.) қабылданды.

    Қаулыға орай, 2024–2026 жылдары:

    «Бизнесті дамыту банкі» АДБ тарапынан:

    шағын кәсiпкерлерге бөлiнетiн несие қалдығы 1,7 есеге асырылып, олардың несие қоржынындағы үлесi 28 пайыздан 43 пайызға жеткізіледі;

    шағын бизнес жобаларын қаржыландыруға 800 миллион АҚШ долларына дейінгі ресурстар тартылады;

    300 миллион АҚШ доллары мөлшерінде облигациялар (еурооблигациялар) халықаралық капитал базарында айналымға шығарылады;

    150 мың шағын кәсіпкерлер қызметі жолға қойылады;

    «Кәсіпкерлікті дамыту компаниясы» АҚ тарапынан:

    шағын және орта кәсiпкерлерге көрсетiлетiн қаржы қызметтерiнiң көлемi 8 триллион сумдан 14 триллион сумға дейiн жеткізіледі;

    150 орта бизнес кәсіпорнына үлесі беріледі және қызмет ипотекасы негізінде 300 жоба кәсіпкерлерге сатылады;

    орта кәсiпкерлердiң саны 2,5 есеге өседi;

    300 миллион АҚШ доллары мөлшерінде облигациялар (еуробондтар) халықаралық капитал базарына айналымға шығарылады.

    2023 жылдың 15 декабрьге дейін өңірлік және мемлекеттік бағдарламалар бағыттары кесімінде 2024 жылы 2 миллион халықты бизнеске тартудың мақсатты көрсеткіштері бекітіледі.

    2024 жылдың 1 июлінен бастап мемлекеттік бағдарламалар бойынша бөлінген несиелерді тиімді пайдалану үшін несиені бөлудің барлық басқыштары электронды платформаларда жүзеге асырылатын болады.

    2024 жылғы 1 январынан бастап 2026 жылғы 1 январына дейін мемлекеттік сатып алудың арнайы ақпараттық порталында мемлекеттің қатысуымен ірі кәсіпорындармен кооперация негізінде құрылған шағын кәсіпкерлерге өздері өндірген тауарларды мемлекеттік тапсырыс берушілерге бір жылда 10 миллиард сумға дейін тікелей келісімшарттар негізінде сатуға рққсат беріледі.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates